Жаңалықтар

Милад Карими Универсиада Ойындарында күміс жүлдегер атанды

Милад Карими Универсиада Ойындарында күміс жүлдегер атанды
Фото: olympic.kz 05.08.2023 16:23 599

Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік Универсиада ойындарында ел қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Спорттық гимнастикадан сынға түскен Милад Карими жекелей жарыстағы еркін жаттығуда 14.300 ұпай жинап, екінші орын алды. Сонымен қатар Милад әлі екі бәсекенің финалында өнер көрсетпек.

Еркін жаттығуға қатысқан тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Патанин 13.566 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға