Милад Карими Каирдегі әлем кубогы кезеңінде тағы топ жарды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
28.04.2025 19:42
106
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің екінші финалында да жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, Карими кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсеткен. Ол бағдарламасын сәтті орындап, төрешілердің шешімімен 14,466 ұпай жинады.
Мариос Георгиу (Кипр) 14,066 ұпаймен екінші орынды иеленсе, ал Ноэ Сейферт (Швейцария) 13,866 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Карими бұған дейін еркін жаттығуларда да топ жарған болатын. Ол жалпы есепте де Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Жалпы, оның қоржынында Әлем кубогында жеңіп алған алты алтын медаль бар.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Абу-Дабиде VII Мәдениет саммиті өтті