Милад Карими – Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
22.02.2025 20:25
176
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Милад Карими Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшы еркін жаттығуда үздік атанды. Финалда Карими 14,133 ұпай жинап, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.
Екінші орын жапондық Кацуки Минамиге бұйырды – 13,666 ұпай. Ал үздік үштікті 13,533 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи түйіндеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ХАМАС Израильдің алты азаматын кепілдіктен босатты
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті