Милад Карими Әлем чемпионатының финалында сегізінші орыннан көрінді
Қазақстандық гимнаст еркін жаттығудың финалында 12.100 ұпай жинады
Фото: kazsports.kz
Фото: kazsports.kz
05.11.2022 21:49
1545
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында спорттық гимнастикадан 51-ші Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып жатыр, деп хабарлайды El.kz kazsports.kz-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық Милад Карими еркін жаттығудың финалында 12.100 ұпай жинап, 8-сатыда қалып қойды.
Отандасымыз алғаш болып өнер көрсетті. Айта кетейік, Милад бұл бағдарламаның іріктеуінде 14.733 ұпаймен 3-орын алып, ақтық сынға жолдама алған.
Джарнни Регини-Моран (14.533 ұпай) Ұлыбританияға жалпы осы спорттағы ӘЧ-ның алғашқы алтынын тарту етсе, екі жапониялық гимнаст қалған медальді өзара бөлісті. Токио Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы Дайки Хасимото күміс (14.500 ұпай), Дои Рёсукэ (14.266 ұпай) қола жүлдегер атанды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астана полицейлері Байқоңыр ауданында рейдтік іс-шара жүргізді
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді