Жаңалықтар

Михаил Шайдоровтың жарыстарға дайындалуға жағдайы жоқ: министрлік жауап берді

Михаил Шайдоровтың жарыстарға дайындалуға жағдайы жоқ: министрлік жауап берді
Фото: gov.kz 13.04.2025 13:30 436

Министрлік отандық жетекші спортшының бірі Михаил Шайдоровтың жарыстарға дайындалуға тиісті жағдайдың болмауына қатысты жағдайдан хабардар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдай Мемлекет басшысының спорт саласындағы вертикальді басқаруды қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасының орынды әрі дер кезінде берілгенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Аталған реформаның негізгі бағыттарының бірі - жоғары жетістіктер спортына арналған спорт нысандарын жергілікті атқарушы органдардан Министрлік қарамағына беру.

Министрлік ұлттық құраманы Олимпиадаға дайындау жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында медаль алуға үміткер спортшыларды анықтады. Олардың әрқайсысына, соның ішінде Михаил Шайдоровқа да, жауапты құрылымдарға нақты міндеттер жүктелді:

  • Спортты дамыту дирекциясы (СДД) — жеке дайындық жоспарының орындалуын бақылап, барлық қатысушы тараптардың өзара әрекетін үйлестіреді;
  • Спорт федерациялары — білікті жаттықтырушылар құрамы, халықаралық жиындарға қатысу және қажетті жарыс тәжірибесімен қамтамасыз етеді;
  • Өңірлік әкімдіктер — спортшылардың тұру, тамақтану және жаттығу үдерістеріне базалық жағдай жасауға тиіс;
  • Спорттық медицина және оңалту орталығы (СМОО) — медико-биологиялық қолдауды, оңалтуды және спортшылардың жағдайын тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу — дайындық бағдарламаларының тиімділігін бағалап, тиісті ұсыныстар береді.

Бұған қоса, спортшыларды дайындау жүйесіне кіретін басқа да мекемелер жұмысқа тартылған.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Министрлік Олимпиадаға дайындық жоспарына енгізілген әрбір спортшыны, оның тұрғылықты жеріне немесе тіркелген мекенжайына қарамастан, қажетті қолдаумен қамтамасыз ете береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға