Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде екінші орынға ие болды
Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
23.11.2024 15:43
414
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде аралық екінші орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 93,21 ұпай жинады. Бұл оған екінші орынға тұрақтауға мүмкіндік берді.
Қысқа бағдарламадан кейін бірінші орынға жапон спортшысы Шюн Сато шықты - 98,75 ұпай. Үшінші орын француз Адам Сяо Хим Фиға тиесілі - 91,22 ұпай.
Айта кетейік, еркін бағдарламада өнер көрсету 23 қарашада өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұрғын үйдің қабырғасын бүлдірген елорда тұрғыны жазаланды
Келесі жаңалық
Жаңа жыл қарсаңында қалай және қанша табыс табуға болады?