Михаэль Баллак қайтыс болған ұлының сүйіктісімен кездесіп жүр
Фото: © Getty IMAGES
Фото: © Getty IMAGES
06.11.2023 17:50
2227
Екеуінің арасындағы жас айырмашылығы – 24 жыл, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Челси» мен «Бавария» клубтарының бұрынғы жұлдызды ойыншысы Михаэль Баллак былтыр жол апатынан көз жұмған ұлы Эмилионың 21 жастағы құрбасымен кездесіп жүр.
45 жастағы Баллак Art Basel қазіргі заманғы өнер жәрмеңкесіне 21 жастағы София Шнайдерханмен бірге келген. Бұл жұп көпшілік алдында құшақтасып, қол ұстасып жүрген.
Баллак пен София бұған дейін де көпшілік алдына бірген шыққан. Дегенмен арадағы қарым-қатынасына қатысты Баллак та, Шнайдерхан да пікір білдірген емес.
Былтыр тамызда Германия құрамасының бұрынғы ойыншысының ортаншы ұлы 18 жастағы Эмилио Португалияда квадроцикл теуіп жүрген жерінде апатқа ұшырап қайтыс болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 300-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды