Әмиандар жайлы қызықты дерек
Нақтырақ айтсақ, өз әмианыңыз жайлы не білесіз? Көпшілігі, бұл заттың тек ақша сақтау үшін ғана ойлап табылған дүние екенін білсе керек. Дегенмен, әмиан тарихы ертеден бастау алады. Одан бөлек, ақша шақыратын ерекше дарыны бар тылсымға салып жататындар да жиі кездесіп жатады. Ал енді, осы сұраққа толығырақ жауап іздеп көрелік.
«Әмиан» атауына байланысты көптеген деректер мен түсіндірмелер болуы мүмкін. Десекте, бұл заттың басты қызметі бар. Ол – ақша сақтау. Ежелгі Русь жерінде XI ғасырдың өзінде бұл затқа деген сұраныс көлемі о бастан жоғары болған. Археологтар дәл осындай затты Новгород жерінен тапқан деседі. Содан, нақты уақыт та белгіленген көрінеді. Ежелгі әмиандардың прототипі матадан жасалған бұйымға құрылған екен. Мұндай әмиандардан ақша түгіл, майда тиындар да түспеген. Ол кезде тек ақша емес, әшекей бұйымдарды салып жүргенге де тиімді болу үшін көлемі үлкенірек сөмке тәріздес болған екен.
Ежелгі Египет жерінде әмианның рөлі – сөмкенің қызметін атқарған. Мұнда ақшадан гөрі қымбат бұйымдар мен басқа да заттарды салып жүруге тиімді көрінген.
Ал ежелгі Қытай мен Жапон елдерінде әмиан қызметін қарапайым жіп атқарған екен. Ол кездерде қағаз ақша емес, тиын болған көрінеді. Сол себепті де тиындардың ортасын тесіп жіпке іліп қойып жүрген. Ал тиын құны оның салмағымен өлшенген.
Тек Римдіктер ғана әмианның теріден жасалуын жөн санаған. Адамдар бұдан кейін әмиандарының сыртын түрлі-түсті тастар мен әшекей бұйымдар қолдана отырып өрнектеген екен. Сол кездердегі әмиандарға қарап адамның тұрмыс-жағдайын анықтауға болған. Бұл жылдары адамдар өмірінде әмианның орны ерекше маңызды екенін көрсеткен. Дәл осы Рим елінде әмианның рөлі тек ақша сақтайтын қорап емес, түрлі косметикалық заттарды алып жүретін керемет таптырмас құрал ретінде пайдаланған.
Орта ғасырларда әмиандардың сан түрлі образдары пайда болып, жан-жағы әшекей бұйымдармен қапталған түрлерін сатып алуды бүкіл адамдар әдетке айналдырды.
Көрші Орыс жеріне 12 ғасырда дамыған әмиандардың жаңа түрлері пайдаланыла бастады.
Қазіргі таңда бұл заттың кез-келген адам үшін таптырмас орны бар. Тіпті, бағасына байланысты қалаған түрін тұтынуыңызға әбден болады. Заманауи әмиандардың дайындалуына түрлі жануарлардың терісі қолданылады. Мәселен, жылан, қолтырауын, түйеқұс т.б біршама түрлерін атап көрсетуге болады.
Бұл саланың дамуына өз үлесін қосып, әмиан өндіруде нанын тауып жүргендердің пікірінше, әмианға негізінен қара түс үйлеседі екен. Ал сәннен ешқашан да алтын және күміс түстес әмиандардың шықпайтынын айтады.