Жаңалықтар

Мейрамханалардың көрсетілген қызмет үшін 10% алым алуы заңды ма? Министр жауап берді

Мейрамханалардың көрсетілген қызмет үшін 10% алым алуы заңды ма? Министр жауап берді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 05.09.2024 13:08 374

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстанда ішкі сауда ережесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілерге сұхбат беріп, дәмханалар мен мейрамханалардағы қызмет үшін алынатын үстеме ақша мен депозиттер белгілеудің заңдылығына қатысты жауап берді.

Біз заңнаманы мұқият зерттедік. Егер мейрамхананың кіреберісінде жария оферта болса, яғни қызмет көрсету шарттарын белгілейтін жазбаша мәтінді оқып, ары қарай кірсеңіз, онда сіз осы шарттармен келіскеніңізді білдіреді. Атап айтқанда, қазір ішкі сауда ережелеріне өзгертулер әзірлеп жатырмыз. Біздіңше, егер сізге қызмет көрсетілсе және онда қызмет көресету құны қамтылса, дәмханалар қосымша ақы алмауы тиіс. Сондықтан осы ережелерді пысықтап жатырмыз, - деді Шаққалиев.

Ведомство басшысы бұл тұрғыда тиісті талқылау ұйымдастырылатындығын алға тартты.

Әрине, бизнес өкілдерінің кейбірі осы өзгерістермен келіспеуі мүмкін. Бұл мәселе мейрамханаға келген қонақтардан көрсетілген қызмет үшін қосымша ақы алуға қатысты. Қазір бұл ақыны сіздер чектерде жазылып жүргенін көріп жүрсіздер. Енді бұл алымды заңсыз ететін тиісті талапты белгілейміз, яғни қызмет үшін 10 пайыздық алым қойылмайды. Неге адамдар көрсетілген қызметке екі мәрте төлеуі керек? - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға