Жаңалықтар

Мейрамбек Беспаевтың әйелі үшінші баласына жүкті екенін айтты

Мейрамбек Беспаевтың әйелі үшінші баласына жүкті екенін айтты
Фото: instagram.com/marhabat.besbaeva 20.09.2024 11:18 1361

47 жастағы отандық әнші Мейрамбек Беспаевтың әйелі сүйінші жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқырман қауым әнші мен оның жарын құттықтап жатыр.

Мархабат Беспаева видео жариялап, үшінші сәбиін күтіп жүргенін аңғартты.

Мархабат қуанышты жаңалығын оқырмандарына өзі жеткізген.

Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де, міне, үшінші рет басымнан кешудемін. Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр.

Біз сені асыға күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын, - деп жазды ол.

Айта кетейік, Мейрамбек пен Мархабат Беспаевтар бір қыз бен бір ұл өсіріп отыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Дизайнер Интерьера | Алматы (@marhabat.besbaeva)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға