Мейрам келе жатыр!
Мерекеге дейін санаулы күндер қалды. Бұл уақыттын ішінде жаңа жылдық дайындықты толықтай бітіріп үлгеру керек. Жаңа жылдық мейрамда балалар Аяз ата туралы көбірек білгісі келеді. Осы ретте сіздерге Аяз Ата тұратын жерді ұсынамыз. Сондай-ақ Аяз атаға ресми хат жолдауға да болады.
Жаңа жыл мерекесі балалар санасында сиқыр және мерекемен байланысты. Балалар асыға күтетін ғажап мереке. Мерекелік көңіл-күйді жеткізуде Аяз Атаны атап өтпеске болмайды. Аяз Ата бейнесі балалар көзінде мерекенің синонимі іспеттес. Сол себепті жаңа жыл келмей тұрып, жас бүлдіршіндер тілектер мен өздері қалайтын сыйлықтарды Аяз атадан сұрау үшін хат жазып жатады. Бірақ жасы ұлғая келе тылсым сиқырлықтың қызықтырушы күші азая береді. Аяз Ата ойдан ойлап табылған, тек балалардың сиқырға деген сенімін сақтау үшін ғана жасалғандығын сезіне бастайды.
Жаңа жылдың адам ретіндегі бейнесі шынайы өмірде жоқ екені ешкімге құпия емес. Алайда Жаңа жылдық сиқырлық пен таңғажайып атмосфераны толықтай жеткізу үшін кейбір елдерде Аяз Ата мекені жасалған. Әлем бойынша ең кең танылғаны – Лапландия, Рованиеми (Финляндия) мекені. «Санта Клаус ауылы» атауымен белгілі демалыс орны Санта Клаустың ресми мекенжайы болып саналады. Егер де Жаңа жылдық хат жолдағыңыз келсе, онда Joulupukin Kammari, Joulupukin Pajakylä, Joulumaantie 1, 96930 Rovaniemi адресіне жіберуге болады. Және де Санта Клаустың жеке пошта қызметі де бар. Сол арқылы Жер шарының кез келген жеріне хат жіберу мүмкіншілігі қарастырылған. Ал егер де қолдан жазылған хатты жіберу ескіліктің белгісі деп ойласаңыз, электронды поштаны пайдалуға болады. Сантаның е-поштасы: info@santaclauslive.com.
Санта заманауи технологияларды жақсылап мергенген секілді. Себебі, оның өзі жүргізетін блогы, тұратын жерін көрсетіп тұратын онлайн камерасы бар. Мүмкін алдағы жылдары шанасы мен бұғыларын реактивті ұшаққа ауыстырып жатар. Айтпақшы, сіздер де Сантаның үйіне қонақ ретінде баруға болады. Рудольф бастаған бұғаларына мініп, Қар әлемін шана үстінде отырып аралай аласыз. Ал қайтар жолда жақындарыңызға сыйлық алып қайтуды ұмытпаңыз.
Қар оранған әлемде жақсылап демалып, Жаңа жылда керемет атап өтуге болады. Келушілерге арналған үлкен кешенде демалуға керектінің бәрі бар. Ең бастысы 6 ай бойы түн кетпейтін мекенде боласыз. Сонымен қатар Санта да жаныңызда. Бірақ Жаңа жылды сезіну үшін Санта Клаусқа жолуғы міндетті емес. Өзіміздің Аяз Атамыз да бар. Оның орналасу – Ақмола облысындағы Бурабай жерінде.
Қазақстанда өз отбасы және достарыңмен Жаңа жылды қарсы алуға не жетсін? Аяз ата резиденциясы қаладан 12 шақырым жерде, Бурабай-Риксос жанында орналасқан. Біздің де Аяз Атадан сыйлық сұрап, хат жазса болады. Бірақ балаларға арналған сыйлықтарын казинода жеңіліп қалмаса болғаны. Дегенмен Қазақстан Лапландиясында бір рет болса да болып көру керек. Онда Эльф мектебін оқып бітіре аласыз.
Финляндия мен Қазақстаннан басқа ресейлік Аяз Атаның да (Дед Мороз) тұратын мекені бар екен. Ол РФ-тың Великий Устюг қаласында орналасқан. Аяз Атаның өзіне хат жолдаса болады. Егер жауап бермей жатса, Аяз Атаның баспасөз хатшысына да хабарласуға болады. Бұл Аяз Атаның жеке қызметкерлері өте көп. Сол себепті ол ешқашан үйде өзі оңаша қалмайтын секілді. Ал егер де хат жазуға ерініп отсаңыз, VK.com әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына хабарлама қалдырып кетсеңіз болады. Ол жақтан тез арада жауап аларыңыз анық.
Әр елдің өзінің Аяз Атасы болады. Соған байланысты есімдері де әр келкі келеді.
Әр елдегі Аяз Аталардың аталуы
Мемлекет |
Атауы |
Бельгия |
Pere Noel (Пере Ноэль) |
Бразилия |
Papai Noel (Папай Ноэль) |
Венгрия |
Mikulas (Микулас) |
Гавайи |
Kanakaloka (Канакалока) |
Германия |
Weihnachtsmann |
Жапония |
Hoteiosho (Хотейошо) |
Италия |
Babbo Natale (Баббо Натале) |
Қытай |
Dun Che Lao Ren (Дун Чен Лао Рен) |
Нидерланд |
Kerstman (Керстман) |
Норвегия |
Julenissen (Джулениссен) |
Польша |
Swiety Mikolaj |
Ресей |
Дед Мороз |
Ұлыбритания |
Father Christmas |
Франция |
Pere Noel (Пере Ноэль) |
Финляндия |
Joulupukki (Иеллойпукке) |
Чили |
Viejo Pascuero (Виеджо Паскуэро) |
Швеция |
Jultomten (Джултомтен) |
Жаңа жыл мерекесі шынайы отбасылық мейрам. Өткен жылды еске түсіріп, алдағы жылғы жоспарларды анықтау. Ал отбасының жасы кіші мүшелері үшін сонымен қатар ғажайыпқа толы мейрам. Соған орай балалар бұл мейрамды толық сезіну үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек. Атауы Аяз Ата, Санта Клаус, Дед Мороз болғанымен де бәрінің мақсаты бір – балалар жүрегіне сиқырлық әлемін алып келу.
Дайындаған: Назгүл Әубәкірова