Жаңалықтар

Мейіржан Шермаханбет - Азия ойындарының күміс жүлдегері

Мейіржан Шермаханбет - Азия ойындарының күміс жүлдегері
Фото: ©Olympics.com/Tengrinwes/Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ 04.10.2023 16:38 917

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарын күміс жүлдемен аяқтады, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол  67 келіге дейін салмақта күресті. Финалда жапониялық Кацуаки Эндоға есе жіберді.

Бұл салмақтағы екі қола Сайед Даниал Сохраби мен Раззак Бейшекеевтің (Қырғызстан) еншісінде кетті. Мейіржан (67 кг) таңертең бозкілем төрінде 1/8 айналымда Наттапонг Хинмиді (Таиланд) сосын, жарыс қожайыны Лэй Лиді, жартылай финалда жастар арасындағы әлем чемпионы Сайед Даниал Сохрабиді (Иран) таза жеңді.

Бұған дейін Айдос Сұлтанғали (60 келі) бесінші орынға тұрақтаған болатын.

Мейіржан Шермаханбет 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионы.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға