Мейірлан Максим Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
27.04.2025 15:40
223
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан дзюдодан құрлық чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына қола медаль жүлде түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшымыз үшінші орынға тәжікстандық Умид Раджабовпен таласқа түсіп, қосымша уақытта (golden score) қарсыласының жауырынын жерге тигізіп жеңіске жетті. Нәтижесінде спортшымыз 90 кг дейінгі салмақта 3-орыннан көрінді. Дәл осы салмақтағы Ермахан Әнуарбеков жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған жапон палуаны Комей Кавабатадан қосымша уақытта (golden score) ұтылып, 5-сатыға тұрақтады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Оралда әйел адам төртінші қабаттан секіріп кетпек болды