Жаңалықтар

«Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті

«Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті
13.04.2018 01:55 2659

13 сәуір күні Сәтбаев қаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы қарсаңында, ерекше қажеттіліктері бар 45 балаға көмек көрсету мақсатында және Сәтбаев қаласының 45 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Мәденет сарайының залында ерекше туған балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, көп жұмыстарды келушілер сатып алды. Сонымен қатар, балалар қорқыныш пен ауырсынуға қарамастан, би билеп, өлең айтып, сурет салды.

Іс-шара барысында ерекше қажеттіліктері бар 45 балаға 50 мың теңге көлемінде сертификат табыс етілді. Ал Амантай Ержанға екі бөлмелі пәтердің кілті берілді. Марапаттау рәсімінен кейін, балалар өз өнерлерін көрсетіп, жұртшылыққа тамаша көңіл-күй сыйлады. Балалардың әр саxнаға шығуын көрермендер ерекше ризашылықпен қарсы алды.

Аталған іс-шараға Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директоры Е.Құсайын, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Оспанова, Қарағанды облыстық ҚХА жанындағы қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер Клубының төрағасы С.Водько қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға