Жаңалықтар

Метро салынып жатқан: Оңтүстік Кореяда жол опырылды

Метро салынып жатқан: Оңтүстік Кореяда жол опырылды
Фото: en.yna.co.kr 11.04.2025 18:36 461

Оңтүстік Кореядағы метро құрылысы алаңында жол опырылып түсті. Бұл туралы Renhap агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Қайғылы оқиға Сеулден оңтүстікке қарай орналасқан Кванмендегі жерасты құрылыс алаңында, жергілікті уақыт бойынша сағат 15:13 шамасында болған. Құрылыс алаңында 17 жұмысшы болған, олардың бірі жер астында қалып қойды, ал экскаватор жүргізушісі із-түзсіз жоғалған.

Оқиға салдарынан жақын маңдағы жолдар мен коммерциялық нысандарға зиян келді. Басқа зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге түскен жоқ.

Айта кетейік, сол күні бұған дейін құрылысы жүріп жатқан жерасты туннель пилондарының жарылып, опырылу қаупі бар екені хабарланған еді.

Опырылу кезінде жақын маңдағы жолдарда қозғалыс толықтай тоқтатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға