Meta компаниясы тағы 10 мың қызметкерін жұмыстан шығармақ
Фото: Getty Images
Фото: Getty Images
15.03.2023 14:51
2013
Meta компаниясы 10 мыңға жуық қызметкерін жұмыстан шығару туралы екінші оңтайландыру жоспарын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Мeta басшысы Марк Цукерберг 2023 жылды компаниядағы «өзгерістер» жылы деп жариялаған болатын. Осы аптада Meta рекрутингтік тобы жұмыстан босатылады. Ал техникалық және бизнес топтарын қайта құрылымдау сәуір мен мамырда өтеді.
Кейбір бөлімдердегі өзгерістер жылдың соңына дейін созылуы мүмкін, - деді Цукерберг.
Оның айтуынша, 5 мыңға жуық ашық жұмыс орны туралы хабарландырулар да жойылады.
Айта кетейік, бұл - соңғы алты айдағы ауқымды қысқартудың екінші кезеңі. Былтыр қараша айында Facebook 11 мың адамды жұмыстан шығарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның балық өнімдері Еуропа елдеріне экспортталады