Мессидің Instagram-дағы оқырманы 500 миллионға жетті
![Мессидің Instagram-дағы оқырманы 500 миллионға жетті Мессидің Instagram-дағы оқырманы 500 миллионға жетті](/storage/storage/element/2024/02/29/mainphoto/91973/1200xauto_DWGTSxKV7arE51inEdYofP5ZI8S2w3AlWGiNhXbz.jpg)
Фото: instagram.com/leomessi
Фото: instagram.com/leomessi
29.02.2024 07:06
783
«Интер Майами» клубы мен Аргентина шабуылшысы Лионель Мессидің Instagram-дағы оқырманы 500 млн-ға жетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін мұндай көрсеткішке португалиялық Криштиану Роналду ғана жеткен. Қазір «Әл-Наср» шабуылшысының оқырман саны 622 млн.
Instagram-да ең танымал жұлдыздар арасында Мессиден кейін Селена Гомес (429 млн), Кайли Дженнер (400), Дуэйн Джонсон (396) келеді.
Аргентина шабуылшысы Катарда өткен әлем чемпионатынан кейінгі жазбасы ең көп қаралым жинаған. Мессидің 72% оқырманын ерлер құрайды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Қыстың соңғы күнінде ауа райы қандай болады
Келесі жаңалық
Елімізде ең беделді IBO-2024 халықаралық олимпиада басталды