Месси ПСЖ ойындарынан екі аптаға шеттетілді

Фото: instagram.com/leomessi
Фото: instagram.com/leomessi
03.05.2023 14:10
1013
ПСЖ басшылығы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді екі аптаға командадан шеттетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Себебі ол басшылықтың рұқсатынсыз Сауд Арабиясына демалысқа кеткен. Бұл ПСЖ-ның «Лорьян» клубынан жеңілгенінен кейін (1:3) болған оқиға.
Сонымен қатар, әлем чемпионы осы аралықта жалақы алмайды және «Труамен» (7 мамыр) және «Аяччомен» (13 мамыр) ойындарға қатыспайды.
Бөлісу:
