Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы» байқауына 100-ге жуық отбасы қатысады

Ұлттық конкурс
20.06.2016 09:12 7240

30 сәуір күні еңбек, спорт, шығармашылық, интеллектуалдық және ғылым салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген отбасылар арасындағы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау аяқталды.

Қала тұрғындары бір ай бойы конкурсқа қатысуға өтінімдерді жазбаша түрдк тиісті құжаттармен бірге арнайы нысан бойынша аудандық әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдері мен Астана қаласының Ішкі саясат басқармасына тапсырды.

«Мерейлі отбасы» байқауына 100-ге жуық отбасы қатысады

2014 жылы конкурсқа қатысуға 44 өтінім, өткен жылы 51 өтінім келіп түскен.

«Мерейлі отбасы» байқауына 100-ге жуық отбасы қатысады

Өтінімдерді қарау барысында комиссия өкілдері отбасы мүшелерінің жетістіктерінің маңыздылығы мен санына, отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлерге, рухани-адамгершілік құндылақтарға, арғы тектерін білуіне және т.б. назар аударатын болады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 3 кезеңмен өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық); екінші кезең – облыстық; үшінші кезең – республикалық.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға