Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.09.2024 17:56 756

Астанада жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шарада Қазақстанның барлық өңірінен жиналған 20 үздік отбасы марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«Мерейлі отбасы» - он жыл ішінде отбасылық құндылықтарды дәріптейтін бірегей жобалардың біріне айналды. Байқау  адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Суреттер: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 

Биыл жалпы 3 369 өтінім келіп түсті. Байқауға қатысу бойынша Қарағанды облысы (534), Жетісу (415), Астана (238) және Алматы (235) қалаларының тұрғындары белсенділік танытты.

Марапаттау рәсіміне Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев келіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Сурет: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да жеңіске жеткен отбасыларға құттықтау сөзін арнады.

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Сурет: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 

Осындай шуақты, мерейлі күндерде өздеріңізбен жүздесіп, сіздерге құрметімізді көрсетіп, жылы лебізімізді білдіру – үлкен мәртебе. Өйткені Қазақстанның әр отбасы еліміздің тірегі, жүрегі. Сіздердің байқауға белсенді қатысып, жеңімпаз атанып отырғандарыңыз мен үшін қуаныш. Әр отбасы ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп отырған балаларының қызығын көре берсін, – деді министр.

Байқауда жеңіске жеткен жанұяның бірі – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданынан келген Хасеновтер отбасы.

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Суреттер: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 

Байқауға жұбайыммен, Алла берген төрт қызыммен қатысып, жеңімпаз атандық. Әйелім Ақмарал Хасенова екеуміздің отасқанымызға 11 жыл болды. Ол педагог-психолог, ал өзім мәдениет саласында қызмет етемін. Енді бүгін елордаға Солтүстік Қазақстан облының абыройын республикалық деңгейде көрсетуге келдік, – деді отбасы мүшесі Нұрқасым Хасенов.

Нұрқасым Хасенов бағдарламаның керемет ұйымдастырылғанын айтады.

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Сурет: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 

«Мерейлі отбасы» бағдарламасы отбасы құндылығын, тәлім-тәрбиесін насихаттайды. «Отан отбасыдан басталады» демекші, әр адам баласына дұрыс тәрбие берсе, онда қоршаған ортамыз керемет деңгейде болатын еді деген ойдамын.  Бүгінгі шарада әр отбасының мәртебесін көтеріліп, қадірі артып жатқандығы – біз үшін үлкен құрмет, – деді ол.

Ал Павлодар облысы бойынша байқаудың жеңімпазы атанған – Теміровтер отбасы.

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Суреттер: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 

Біз ұстаздардан құралған отбасымыз. Анамыз қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімін, інім мен сіңлім тарих пәнінің мұғалімі. Байқауда жеңіске жету үшін барлығымыз белсене атсалыстық. Десе де жеңімпаз болуымыз біз үшін күтпеген тосынсый болды. Өте қуаныштымыз, – деді отбасы мүшесі Айнұр Темірова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға