Әр өңірден, оның ішінде жаңадан құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 20 жеңімпаз отбасы анықталды, деп хабарлайды EL.KZ АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, ұлттық конкурсқа қатысқан 2 542 отбасының 932-сі қалада, 1 610-ы аудан және ауылда тұрады.
Сонымен қатар 1 166 отбасы көпбалалы болса, 501-і ерлі-зайыптылардың ішінде жасы 29-ға толмаған екі жұп бар. Еңбек әулеттері, спортшылар, мұғалімдер, кәсіпкерлер, т.б. отбасылар биылғы байқауда бақ сынады.
Тамыз айының соңында «Хабар» телеарнасында жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар топтамасы шығады.
Сондай-ақ «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімінің өтетін күні мен уақыты туралы қосымша ақпарат жарияланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев ресми сапармен Сингапурға баруы мүмкін
Келесі жаңалық
Қостанайда қыстақтан шыққан малшы табылды