Мерей Мәултіханов 23 жастарға дейінгі балуандар арасында Азия чемпионы атанды
Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
28.06.2024 18:12
902
Күрес түрлерінен Иорданияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Мерей Мәулітханов чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен Мерей өз салмағында қарсылас шыдатпай, жеңіске жетті.
Одан бөлек, Диас Әскербай (67 келі), Расул Жүніс (77 келі) және Әмір Төлебаев (82 келі) финалда сүрініп, күмісті қанағат тұтты.
Бақдәулет Азамат (97 келі) пен Асылбек Жәнібекұлының (130 келі) еншісінде қола медаль бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ыстанбұлдағы қазақ диаспорасымен ынтымақтастық нығаюда