Мереке қарсаңында Қарақат Әбілдина «Парасат» орденімен марапатталды

Бүгін, 7 наурызда қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі бірқатар танымал адамдар «Парасат» орденімен марапатталды. Олардың арасында еліміздегі танымал әншілердің бірі Қарақат Әбілдина да бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Сондай-ақ парламент сенатының депутаты, журналист, тележүргізуші Бибігүл Жексенбай, мәжіліс депутаты Айгүл Құспан «Парасат» орденінің иегері атанды.
Осы орденмен Абай облысындағы Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әншісі-әртісі Гүлдана Ноғайбаева марапатталды.
