Жаңалықтар

Мереке қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Мереке қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Фото: © Polisia.kz 30.12.2023 17:23 1033

Мереке қарсаңында полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІМ басшысы Ержан Сәденов мереке күндеріне байланысты мәлімдеме жасады. Өткізілген жедел кеңесте Ішкі істер министрі қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерге бірқатар міндет жүктеді.

Бүгіннен бастап ерекше бұйрыққа дейін біз қызмет көрсетудің күшейтілген нұсқасына көшеміз. Құқықтық тәртіп мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, жаяу нарядтардың санын көбейтуді, шыршалардың сақталуына жауаптыларды анықтауды, құқық бұзушылықтардың жолын кесуді, мүлдем төзбеушілік пен жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуді тапсырамын. Заңдылық пен тәртіптің сақталуына ерекше назар аудару қажет. Халық пен қоғамның талабы – кәсіби білікті және адал полиция. Біз осы талапқа сай болуымыз керек, – деп атап өтті Ержан Саденов.

Сонымен қатар, кеңесте жеке құрамға еліміздің барлық өңірлерінде гарнизондық сап түзеу өткізу тапсырылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға