Жаңалықтар

Мереке күндері жұмыс істеген зиян - дәрігер

Мереке күндері жұмыс істеген зиян - дәрігер
Фото: pixabay.com 02.05.2025 14:36 333

Мерекелік күндері жұмыс істеу адамның жұмысқа қабілеттілігіне, көңіл-күйіне және күйзеліске төтеп беру қабілетіне кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты В.П.Сербский атындағы Ұлттық психиатрия және наркология ғылыми-зерттеу орталығының психогигиена және психопрофилактика зертханасының жетекші маманы Иван Розанов мәлімдеді.

Мерекелер – бұл өміріміздің ажырамас бөлігі. Олар бізге демалуға, көңіл көтеруге және жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Ал мерекеде мәжбүрлі түрде жұмыс істеу адамның күйзеліске төзімділігін төмендетіп, бейімделу қабілетін әлсіретеді, – дейді маман.

Розановтың айтуынша, тарихта тіпті соғыс кезінің өзінде де мерекелер атап өтілген. Ал қазіргі қоғамда мереке күндері адамдардың гаджеттерден бас тартып, сүйікті ісіне уақыт бөлуіне, ұйқы режимін реттеп, спортпен айналысуына жағдай жасайды. Бұл – ағза мен жүйке жүйесіне оң әсер етеді, әрі отбасылық және әлеуметтік қарым-қатынасты нығайтады.

Ғалымдар өмірдегі бірсарындылықты — монотондық деп атайды. Ол адамның психикалық және физиологиялық жағдайына теріс әсер етіп, созылмалы күйзеліске әкелуі мүмкін. Ал мереке — сол монотондықтан шығуға, өмірдің дәмін сезінуге жол ашады.

Қалалық өмір мен жұмыс жағдайының өзі монотонды әрі психикаға қысым жасайды. Бұл сенсорлық депривацияға (сыртқы ынталандырулардың жетіспеуі) әкелуі мүмкін, – деп нақтылады Розанов.

Мереке кезінде қуаныш пен шаттыққа толы сәттерде адам ағзасында серотонин мен дофамин — "бақыт гормондары" бөлінеді. Олар мотивацияны арттырып, өмірге деген құлшынысты нығайтады.

Сондай-ақ табиғат аясында, жақындармен бірге өткізілген уақыт ақпаратты жақсы қабылдауға сеп болады. Себебі таза ауада ми оттегімен жақсы қанығып, зейінділік пен ойлау қабілеті артады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға