Жаңалықтар

«Мені неге тастап кеттіңдер?». Испаниялықтар асырап алған қазақ баласы ата-анасын іздейді

«Мені неге тастап кеттіңдер?». Испаниялықтар асырап алған қазақ баласы ата-анасын іздейді
Фото: Видеодан алынған кадр 01.02.2024 09:30 2184

«Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының кейіпкері Испанияда тұратын 16 жастағы Ақылбек биологиялық ата-анасымен кездескісі келетінін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі Луисті асырап алған испан әйелінің айтуынша, ол қашан жетім қалғаны белгісіз. Оны Ақтаудағы жетімдер үйінен асырап алған.

Туған ата-анамды тауып жатсам, неге тастап кеткенін сұрар едім, себебін айтса екен, - дейді қазақ баласы.

Ол биологиялық әке-шешесіне сәлем жолдап, жағдайының жақсы екенін жеткізді.

Мен асырап алған отбасыма ризамын. Болашақта келіп танысқыларың келсе мен кездесуге дайынмын.  Кездесіп жатсақ «Жағдайларың қиын болды ма? Менің басқа туыстарым, бауырларым, қарындастарым бар ма?» деген сияқты сұрақтарыма жауап алғым келеді, - деді ол.

Ақылбектің анасы оны туған бойда перзентханада қалдырып кеткен екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға