Жаңалықтар

Мен мезгілімнен ерте тудым

17 қараша – халықаралық шала туған балалар күні
18.11.2016 09:06 6055

 «Астана» Ұлттық сурет галереясында Мезгілінен ерте туған нәрестелердің халықаралық күніне орай «Мен мезгілімнен ерте тудым» атты қайырымдылық көрмесі өтті.

 Мен мезгілімнен ерте тудым

Көрмеге шала туған сәбилерді бейнелеген кескіндеме туындылар, көркем фотосуреттер мен мүсіндер қойылды. Көрме «28 Ілмек» қайырымдылық қоры және «Астана» Ұлттық сурет галереясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

 Мен мезгілімнен ерте тудым

Ботагөз Егімбаева, «28 Ілмек» клубының үйлестірушісі:

— «28 Ілмек» клубы «Астана» Ұлттық сурет галереясының қолдауымен осы көрмені өткізуді ұйғарды. Көрменің мақсаты — көрермендерге 500 грамм салмақпен мезгілінен ерте туған балалар жайлы, олардың өмірге деген құштарлығы туралы жеткізу. Арнайы осы іс-шараға арнап елімізге танымал суретшілермен қатар біздің клубтың тігіншілері де өз жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып отыр. Уақытынан ерте дүниеге келген сәбилерге тек қолдан тоқылған киімдер кигізеді. Осыған дейін қолдан тоқылған киімдерді әр ата-ана өзі тігіп немесе әжелерінің көмегіне жүгінетін. Әрине бұл процес біраз уақыт алатын. 2012 жылы танымал суретші Карла Нұр осы проблеманы байқап, уақытынан ерте туған сәбилерге арнап киім тоқитын клуб ашқан болатын. Бүгінде біздің клубымыз еліміздің он бес қаласында және Укарина, БАӘ, Қырғызстанда жұмысын атқарады.

 Мен мезгілімнен ерте тудым

2009 жылы Еуропаның жаңа туған нәрестелерді күту қорымен 17 қараша күні Мезгілінен ерте туған нәрестелердің халықаралық күні болып жарияланды. Нәрестелерге, оның ішінде шала туған нәресетелерге көңіл бөлу әлем қоғамының даму көрсеткіші болып отыр. Аталмыш мәселеге назар аудару мақсатында осы күн ресми түрде ерте туған нәрестелердің халықаралық күні болып белгіленген болатын.

 Мен мезгілімнен ерте тудым

Сәбидің дүниеге келуі – кез келген адамның өміріндегі ерекше қуаныш. Алайда, баланың уақытынан бұрын өмірге келуі ананың да, баланың да өміріне қауіпті. Шала туған баланың дене салмағы төмен және тыныс алу мүшелері толық жетілмейді. Мұндайда, жетілмей туған балаға ғана емес, оның анасына да аса ерекше күтім қажет.

 Мен мезгілімнен ерте тудым

Ғалия Ерланова, «Астана» ұлттық сурет галереясы экскурсия бөлімінің басшысы:

— Бүгін «Мен мезгілімнен ерте тудым» атты қайырымдылық көрмесі өтуде. Шараны «28 ілмек» қайырымдылық қорымен бірігіп ұйымдастырудамыз. Уақытынан ерте туған балалар көбінісе ауырушаң болып келеді. Біз осы мәселеге қоғамның назарын аударғымыз келеді. Көрмеге қойылған киімнің нақты санын айта алмаймын. Бірақ нәрестерлерге арналған киімнің басым бөлігі жүннен тоқылған. Мұны біз әдейі қойдық. Себебі, мерзімінен ерте өмірге келген нәрестенің қан айналымы төмен болғандықтан олар тоңғақ әрі ұйықтай береді. Сондықтан ата-ана оларды терең ұйқыға кетіп қалмасын деп, жүннен тоқылған киімдерді кигізеді. Бұл өз кезегінде нәрестенің сергек болуына септігін тигізеді. Көрменің тақырыбы өте ауқымды болғандықтан біз шараға Астана медициналық университетінің студенттерін, ғалымдар мен дәрігерлерді шақырдық. Сондай-ақ, көрмеге Мәскеу медициналық университінің студенттері, Астана қаласының Перинаталдық орталығының және Латвияда бүкіләлемдік денсаулық  сақтау орталығының неотанолог дәрігерлері қатысуда. Неотанолог – мерзімінен ерте туған нәрестелерді емдейтін мамандар.

 Мен мезгілімнен ерте тудым

Көптеген мерзімінен ерте туған балалар, айтарлықтай қалыпты, тіпті қабілетті болуы ғажап емес. Айталық, Пабло Пикассо, Виктор Гюго, Вольтер, Чарльз Дарвин, Альберт Эйнштейн және т.б. әлемге танымал тұлғалар мерзімінен ерте туған.

 Мен мезгілімнен ерте тудым

2014 жылы «28 Ілмек» клубы ресми түрде «қор» мәртебесіне ие болды және қазіргі таңда  Қазақстанның он бір қаласы: Астана, Алматы, Петропавл, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Қарағанды, Семей және Қызылордада өз жұмыстарын атқарып жатыр.  

 Мен мезгілімнен ерте тудым

Мерзімінен ерте туған балаға медициналық көмектен бөлек, дене жылуын бір қалыпты сақтап тұру үшін таза жүннен тоқылған киімдер қажет.  

 Мен мезгілімнен ерте тудым

««28 Ілмек» клубы шала туған балаларды жылы тоқыма киімдермен қамтамасыз етіп, жас аналарға көмек көрсету мақсатында ерікті жандардың өз қалауы бойынша құрылған болатын. Әйелдердің мейірімді жүрегі мен жылы алақанынан шыққан тоқыма киімдер мен балаларға арналған әртүрлі ойыншықтар олардың денсаулықтарын жақсартып, қалыпты адамдардың қатарына қосылуына септігін тигізеді» - дейді ұйымдастырушылар.   


Алмас САУДАМБАЙ 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға