Жаңалықтар

Мен - өз елімнің патриотымын!

Мен  - өз елімнің патриотымын!
30.01.2018 10:59 1534

Дәл осындай атаумен «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің армян тілі сыныбында сынып сағаты өтті.

Оқушылармен кездесуге «Бари» армян мәдени орталығының төрағасы Норик Магламян мен орталық белсенділері қатысты. Оның мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Жақсылық сыйла» атты қайырымдылық жобасы 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келеді.

Армян тілі сыныбының оқушылары Қазақстан туралы қазақ, орыс және армян тілдерінде өлеңдер оқыды. «Шаңырақ» мектебінің басшысы Күлтәй Кәрімжанова, біздер экономикалық даму және азаматтық келісімге бірлік пен ынтымақтастықтың арқасында жеткенімізді ерекеше атап өтті.

Ал армян тілінің оқытушысы Рузанна Дегоян болса: «Баршамызды ортақ Отанымыз Қазақстан Республикасын көркейту жолында әлі талай жетістіктер мен бағындырар белестер күтіп тұр», - деген тамаша ой келтірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға