Жаңалықтар

«Мен сиқыршы емеспін. Сиқырлы таяғым жоқ». Абай облысының әкімі нені меңзеді?

«Мен сиқыршы емеспін. Сиқырлы таяғым жоқ». Абай облысының әкімі нені меңзеді?
Фото: gov.kz 23.11.2023 13:19 1972

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласында жасалып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, 60 шақырым жол жөндеуден өткен, екі медициналық орталық және үш мектеп салынып жатыр. Сонымен қатар, облыста 70-ге жуық жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Бірақ, оның бәріне уақыт керек екенін айтып:

Бір күннің ішінде бар мәселе шешілмейді. Мен сиқыршы емеспін. Менің сиқырлы таяғым да жоқ. Сол себепті кішкене уақыт керек. Күту керек. Бәрі болады. Осы 25 жылдың ішінде қордаланған мәселелер бір жылдың ішінде шешімін таппайды. Облыстың құрылғанына бір жарым жылға әлі толмады. Бір үйді салуға бір жарым жыл уақыт қажет. Облыс құрылғанда облыс бюджеті 240 миллиард теңге болатын. Қазір 420 миллиард болып отыр. Семей қаласының бюджеті 50 миллиардқа жеткен жоқ. Бүгінде 103 миллиард. Әлеуметтік-экономикалық бағытта өсім бар. Бәріне шыдам және уақыт керек, – деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Айта кетейік, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» БАҚ-қа есеп берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға