Жаңалықтар

Мен үшін қазақ тілінде сөйлескен ыңғайлы

Мен үшін қазақ тілінде сөйлескен ыңғайлы
14.12.2019 19:18 2040

Александр Филатов, Мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының полицейі:

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туып-өстім. Таза қазақ ауылында өскенмін. Сондықтан біздің қазақ тілінде сөйлегеніміз, ауылда таңқаларлық жағдай емес еді. Өзімді қазақ сезінетінмін. 11 жыл қазақ мектебінде оқыдым, кейін колледжде де қазақ тілінде білім алдым. 2015 жылы Нұр-Сұлтан қаласына келдім. Сол уақытта таңқалушылар болды. Тіпті кейбіреулері, «сен неге орысша сөйлемейсің, қазір басшыларға дейін орыс тілінде сөйлеседі ғой» дейтін болды. Бірақ мен үшін қазақша сөйлесу оңай, орысшаға қарағанда. Енді таза қазақ балдарының ортасында өстім, достарымның бәрі қазақтар. Сондықтан өзім де қазақ сияқтымын. Қазақстан азаматтарының барлығы қазақ тілін білуге міндетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға