23 Мамыр 2024, 14:21
«Мен – Қазақстанда тудым!»
Германия төрінде осындай ән шырқалды. Қазақтар емес, Қазақстанда туып Германияға көшкен этникалық немістер айтты.
Жәрмеңкедегі бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде желдей есіп, қазақстандықтардың ықыласына бөленді. Біреулері көп жыл бұрын қоныс аударса да туған жерін ұмытпағанына риза болып жатса, өзгелері көңілі босап «жылағым келіп тұр» деп жазып видеоны әрі қарай таратқан. Таралған бейнежазбадан Қазақстанның көк туын желбіреткендерді, «Қазақстан» деген жазуы бар киім кигендерді байқауға болады. Бұл жәрмеңке – ТМД елдерінен көшіп барған немістердің дәстүрі мен мәдениетін көрсетуге бағытталған. 20 жыл ішінде ауқымы кеңейіп, бүгінде 20 мыңға дейін адам қатысатын деңгейге жеткен.
Бөлісу:
Тағы да көріңіз
Егізі көп Егізбаевтар отбасы
21 АҚПАН, 12:06
Қазақ тілін 4 айда үйрететін Юлия Лагуткина: Тілге деген махаббат | табысқа жету жолы| KZ жігіті туралы
18 АҚПАН, 19:50
Бас бапкерлікке неліктен Әли Әлиев таңдалды? |Футзалдағы сәтсіздіктің себебі | ҚФФ
11 АҚПАН, 19:31
Ұйғырларда қалың мал жоқ| 30-ға жуық баланың тұсауын кестім| Абай жолын 38 рет оқыдым
1 АҚПАН, 10:48