Мен ешкімнен қорықпаймын – «ҚазМұнайГаз» басшысы
Президенттің қатысуымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңестен кейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ешкімнен қорықпайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Тілшілер одан митинг кезінде жұмысшылардың алдына неге шықпағанын сұраған болатын.
Мен абсолютті түрде ешкімнен қорықпаймын. Өйткені қорқатын ештеңе жоқ. Біздің компанияның өкілдері барды. Келіссөз тобын құруды ұсындық. Бастамашы топпен кабинетте үш сағаттан астам уақыт сөйлестім, - дейді Мағзұм Мырзағалиев.
Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауда жастар көбіне мұнайшы болғысы келетінін, бірақ мұның дұрыс емес екендігін алға тартқан болатын.
Еске салып өтсек, өткен аптада Астанаға «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының 100-ден астам бұрынғы қызметкері келіп, талаптарын айтқан еді. Кейіннен «ҚазМұнайГаз» басшылығы бір мәмілеге келуге дайын екенін жеткізіп, жұмысшылар үйрлеріне қайтты.