Жаңалықтар

Мемлкеттік туларда кездесетін өрнектер

Мемлкеттік туларда кездесетін өрнектер
05.11.2015 11:45 12702

Мемлкеттік туларда кездесетін өрнектер

Этностардың ою-өрнектік символдары мен белгілері - тек әлеуметтік идентификация әдісі емес, сонымен қатар субэтникалық топтардың айырмашылықтары. Субэтникалық ерекшеліктердің үш түрін көрсетуге болады:  

  1. Белгілік-символдық ерекшелік – бір типті белгілердің әртүрлі нұсқада келуі.
  2. Түстік-символдық ерекшелік – бір өрнектің әртүрлі түспен боялуы.
  3. Түстік- белгілік символдық ерекшеліктері – аралас тип, онда белгі өзінің формасы мен түсінің өзгеруі.

Дәстүрлі ою-өрнектің қалыптасуына этностағы басты дін үлкен әсерін тигізеді. Ислам дініндегі тірі жанды бейнелеуге тиым салу ондағы геометриялық және өсімдік тәріздес өрнектердің дамуына әкелді. Оларды «арабеска» деп атаймыз.

Қай мемлекет болмасын оның ең маңызды символдарының бірі – ту. Кейбіреулерінде күрделі, көпмағыналы, басқаларында қарапайым эмблемалар. Бірақ барлығының да терең мағынасы бар: маңызды тарихи кезең немесе мемлекеттік ұстанымдары. Ертеде ақсүйек әулеттердің тек өздеріне ғана тән белгілері болған. Бұл символдар рыцарьлардың қалқандарына салынатын. Алғашқы қалқандар қызыл түсті болды. Жануарлардың бейнелері кең қолданылады: арыстан, бүркіт, феникс құсы, саламандра. Сонымен қатар кентавр, гарпин секілді қиял-ғажайып бейнелер де кездеседі. Арыстан аң патшасы, мемлекеттің күшті екендігінің белгісі. Оған қоса арыстан жеңісіне сенімді болмаса айқасқа шықпайды, сондықтан ол ақылдылықтың да символы есептеледі. Құстардың мықтысы бүркіт, ол империялардың символы болды. Екі басты бүркіт бейнесі өз бастауын Ежелгі Рим мәдениетінен алады.

Мемлкеттік туларда кездесетін кейбір өрнектер:

  1.  Бұқа – еңбек пен төзім, молшылық пен мал санының көптігінің символы.
  2.  Қасқыр – ашкөздік, зұлымдық символы. Осындай сипаттағы жауыңды жеңгеніңнің белгісі ретінде қолданған.
  3.  Қарға – сақтық пен ұзақ өмір белгісі.
  4.  Гарпия – басы, кеудесі әйел адам, денесі, қанаты бүркіттікі, тырнақтары темір құбыжық.
  5.  Көгершін – тазалық пен бойсұну, Қасиетті Рух символы.
  6.  Грифон – басы бүркіт, денесі арыстан бейнелі құбыжық. Жылдамдық, күш, мықты билік символы.
  7.  Айдаһар – бүркіттің басы мен аяқтарынан, жыланның денесінен, жарқанаттың қанаттарынан тұратын, құйрығы бар құбыжық. Күш пен құдіреттілік белгісі.
  8. Емен жапырағы мықтылық, күш, сенім, айқас пен жеңіс символы.
  9. Тырна – қырағылық символы.
  10. Айна – сақтық, билік, қоғам алдындағы міндеттеріңді адал орындау, шыншылдық, арам ой болмауының белгісі.
  11. Жылан – даналық, сақтық белгісі. Оралып жатқан жылан денсаулықты, құйрығын тістеп жатқан жылан мәңгілік өмірді, жорғалап бара жатқан болса қайғы–мұңды білдіреді.
  12. Қабан – батылдық пен құдіреттілік символы.
  13. Тәж – билік белгісі.
  14. Мысық – тәуелсіздік символы.
  15. Крест – христиан дінінің символы. Төрт қасиетке деген адалдық: әділеттілік, ақылдылық, батылдық, ұстамдылық. Ежелгі белгі ретінде от символы (отты екі тал ағашты үйкелеу арқылы алған).
  16. Жұмыртқа – барлық тірліктің бастамасы, жаңа өмір символы.
  17. Аю – көрегендік пен күш символы.
  18. Қой – мейірімділік пен жуас, момын мінездің белгісі.
  19. Бұғыт – жауы көрсе қашатын қаһарман бейнесі.
  20. Тауыс – атаққа деген құмарлық. Тәкаппар қарсыласыңды жеңген кезде туға салынатын.
  21. Ара – еңбекқорлық пен қажымаушылық белгісі.
  22. Гамаюн – Жұмақ құсы. Мифтерде кездесетін бақыт құсы. Бейбітшілік, байлық символы.
  23. Ит – адалдық, мойынсұну.
  24. Жапалақ – даналық, тапқырлық.
  25. Феникс – от пен күлден қайта туылатын миф құсы. Қайта жаңғыру мен мәңгілік өмір белгісі.

Мемлекеттік туда қолданылатын негізгі төрт түс бар: көк, жасыл, қызыл, қара. Көк түс – әдемілік, ұлылық, адалдық, сенім, мінсіздік, сонымен қатар даму, ұмтылыс, үміт, арман символы. Жасыл түс молшылық, қуаныш, еркіндік, бейбітшілік, тұрақтылық белгісі. Қызыл түс махаббат, батылдық, кеңпейілділік, сонымен қатар Отан үшін төгілген қанды білдіреді. Қара түс білімділік, қарапайымдылық, сақтық, қайғы–қасірет символы есептеледі.


Айжан ЕСЕНАЛИНА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға