Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиада аяқталды
16 өңірден келген 700-ге жуық азамат 7 спорт түрінен өзара шеберлік байқасты
Петропавл қаласында өткен жергілікті атқарушы органдағы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиада мәресіне жетті. Үш күн бойы 16 өңірден келген 700-ге жуық азамат 7 спорт түрінен өзара шеберлік байқасып, күш сынасты, деп хабарлайды El.kz
Барлық 7 спорт түрі - шағын футбол, волейбол, қазақ күресі, үстел теннисі, суда жүзу, тоғызқұмалақ пен бильярдтан ұпай санын қосқанда жалпы есеп мынадай:
1-орын- БҚО (128,5 ұпай)
2-орын - Ақтөбе облысы (128 ұпай)
3-орын - Павлодар облысы (123,5 ұпай)
4-орын - Түркістан облысы (122 ұпай)
5-орын - Атырау облысы (120 ұпай)
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлері жеңіске жетті. Ал 2-орынға Ақтөбе облысы табан тіресе, Павлодар облысы жүлдегерлер қатарын қорытындылады.
Спартакиаданың бас төрешісі – Асқар Қадыров.
Бұл Спартакиаданың мақсаты – өңірлердегі мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды спортқа тарту, спорттың бұқаралық сипат алуына жағдай жасау. Ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.
