Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тарту қажет – Айдар Хамит

Мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тарту  қажет –  Айдар Хамит
14.07.2022 17:31 4656

Әлеуметтанушы Айдар Хамит Президент Тоқаевтың бүгінгі Үкіметке айтылған сыны – елдегі және нарықтағы қалыптасқан жағдайға тікелей байланысты екенін айтты, деп хабарлайды El.kz

– Қазіргі Үкімет бұрыңғы әдіспен және бұрыңғы кадрлармен елдегі мәселелерді шешуді көздеп отыр. Бұл көптеген мәселенің себебімен емес, салдарымен күресу. Жылда қайталанып жататын проблемаларды болжауға да болады. Алдын ала талдаулар мен сараптамалар, зерттеулер жүргізілмейді, яғни кадр мәселесі де байқалады. Мемлекеттік қызметке қызығушылығы аз. Бұған себеп бұрыңғы жүйемен келе жатқан бюрократиялық, еңбек шарттардың сақталмауы, тиісті жалақының аздығы. Бір сөзбен айтқанда мемлекеттік қызметке сапалы кадр тарту мәселесі көрініп тұр. Ал айтылған мәселелерді шешу үшін білікті мамандарды тартқаны жөн, - деді әлеуметтанушы Айдар Хамит. 

Сарапшының айтуынша, Президент тарапынан Үкіметтің жұмысына өз бағасын беріп, қоғамдық талқылауда министрлерге сын айту сағаттары бұған дейін де айтылған. 

– Өткен референдумнан кейін халықтың шынайы саяси өзгерістерге бағыт алуы, өтпелі кезеннің көрінісі болуы мүмкін. Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайын толықтай жауап беретін атқарушы биліктің жұмысы Президент сөзінен байқалды. Алайда Тоқаев тек Үкіметтің ғана жауапкершілігін мойындай қоймай, бұл процеске қалыптасқан жүйенің бөлшегі ретінде бұрыннан әлі жұмыс істеп жатқан кадрлардың да жауапкершілігін сездірді. Президент баяндамасы Үкімет және Парламент қатысуымен өтетін жиындарда күн тәртібінде болу керек. Қоғам алдындағы осындай пікірі алдағы уақытта Үкімет және жоғары биліктегі кадрлық өзгерістер болатынын аңғартады, – деді Айдар Хамит.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға