Жаңалықтар

Мемлекеттік құрылымдардағы қоғаммен байланыс бөлімінің құралдары

Мемлекеттік құрылымдардағы қоғаммен байланыс бөлімінің құралдары
26.11.2015 06:43 5124

Америка Құрама Штатында баспасөз қызметі барлық материалдарды, өтініштерді, құжаттарды, шешімдерді, жоспарларды журналистер үшін жазбаша және электронды нұсқасында таратады.

Мемлекеттік құрылымдардағы қоғаммен байланыс бөлімінің құралдары

Осы материалдарды жазбаша дайындау және оларды тарату келесі мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:

● Бұл мемлекеттік лауазымды тұлғаларға және баспасөз хатшысына айтайын деген жаңалығының нақтылап алуына көмектеседі.

● Бұл журналистерге ақпараттың анық және қатесіз жетуіне  ықпал етеді.

● Бұл материалды дайындау барысында репортерге ақпараттың дереккөзіне сүйенуіне мүмкіндік етеді.

● Бұл негізгі ақпараттың таратылғанның арқасында қайталанатын сұрақтарға қайта-қайта жауап беру қажеттілігі туындамайды.

● Бұл журналистердің фактілерге сүйене отырып, соған қатысты сауалдар қоюына түрткі болады.

Сонымен қатар АҚШ-та бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықпен байланыс жасау үшін баспасөз қызметі көптеген құралдарды қолданады. Кеңінен таралған коммуникациялық құралдарға тоқталып өтсек:

Баспасөз хабарламасы ақпараттық мақала ретінде дайындалады және жаңалық секілді бастапқы абзац кім, не, қайда, қашан, неге және қалай деген негізгі сұрақтарға жауап береді.

Анонс баспасөз хабарламасына ұқсас, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарына алдағы уақытта болатын жағдайды хабарлау үшін әзірленеді және оның көлемі бір беттен аспауы қажет.

Анықтама немесе жаднама жазба тақырып туралы толық ақпарат беретін баспасөз хабарламасының кеңейтілген нұсқасы. Анықтамада статистикалық мәліметтер мен фактілер жазылады және оқуға жеңіл болуы үшін әр жаңа факт үшін жаңа жолдар мен үлкен шрифтер пайдаланған жөн.

Визуалды материалдар баспасөз хабарламасына қосымша ретінде суреттер, диаграммалар, карталар және графиктер де жасалады.

Буклет жарнамалық өнімнің бір түрі ретінде қарастырылады және сонымен қоса бөлек PR-мәтіндерді жазыла береді.

Бэкграундер болып жатқан өзекті мәселеге байланысты барлы тақырып бойынша материалдарды жинақтайды. Сонымен қатар журналистерге көмек ретінде баспасөз хабарламасына қосымша беріледі.

Биография конференцияға қатысушы немесе сөз сөйлейтін тұлғаның жеткен жетістіктері мен кәсіби беделін қысқаша бандайды.

Сарапшылар тізімінде сарапшылардың аты-жөні мен телефон нөмірлері жазылады.

Топтама лауазымды тұлға туралы жазылған «жағымды» материалдарды іріктеп алып, көшірмесін медиа-киттің ішіне салады.

Видео және аудио релиздер «кім, не, қашан, қайда, неге және қалай» деген қағидатпен құралған жазбаша баспасөз хабарламасының телевизия мен радиоға арналған сюжет нұсқасы. Хабар таратушылар осы материалды радио немесе телерепортаждарда қолдана алады.

Спутниктік технология  жетекші саясаткерлердің кездесу ұйымдастырып, сұхбат беруге және осы материалды барлық елдің телекомпанияларында көрсетуге мүмкіндік береді. Спутниктік технологияны пайдаланып, уақытты үнемдей отырып медиа тур өткізуге болады. Әдетте қоғаммен байланыс қызметкерлері сюжетті жазып алып, содан кейін хабарды спутниктік байланыс арқылы беру үшін спутниктік уақытты сатып алады. Сюжетті дұрыс дайындау үшін тікелей эфирде  дауыс пен хабарды бере алатын және тележурналистер телефон арқылы сұқрақ соя алатындай мүмкіндік беретін студия қажет.

Радиоролик мемлекеттік лауазымды тұлғаның сөйлеген сөзінің қысқаша аудиожазбасы. Кейбір америкалық саясаткерлер радиороликті күн сайын тұрақты түрде жаздырады. Осындай жазбалар тікелей журналистерге жіберіледі немесе ғаламтор беттерінде жарияланады.

Телефон желісін бөлу бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік қызметкерлеріне жазылу үшін  күнделікті кестесін білу үшін қолданылады.

Редакциялық алқасы белгілі саясаткерлер мен газеттің редакторымен, редакциялық мақалалардың авторларымен, жаңалықтар бөлімінің репортерлерімен арасында мәселелерді талқылау мақсатында өткізіледі. Редакциялық алқа мемлекеттік қызметкерге бұқаралық ақпарат құралдарына үкіметтің саясаты жайлы өз ойын ашық та анық айтуға мүмкіндік береді.

Жасырын кездесулер лауазымды адамдар журналистерге жағдың астарлы мәні мен мағынасын түсіндіру үшін ұйымдастырылады.

Авторлық пікірлер білдірген бағаналар мен айдарлар белгілі саясаткерлер өздерінің пікірлерін білдіру үшін қолданылады. Кейбір саясаткерлер өзінің позициясын тікелей халыққа жеткізу мақсатында әр апта сайын пікірлерін білдіретін бағаналар жүргізеді.

Сөйлейтін сөздер саясаткердің халыққа танымалдылығын арттыру үшін және қабылданған жаңа бағдарламалардың халық арасында таралуы үшін жазылады. Алдын ала дайындалған сөздердің көшірмесі БАҚ өкілдері мен шараға қатыса алмаған журналистерге таратылады. Сонымен қатар лауазымды тұлғалардың сөздерін ғаламторда жариялаған да өте тиімді.

Медиа-тур астана шегінен тысқары шығып, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарын қамтиды. Медиа-турда аймаққа сәйкес бағытталған аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына жаңалық ұсынады және осы аймаққа қатысты мемелекеттің саясаты түсіндіреді.

Ғаламтор бұқаралық ақпарат құралдарының сүзгісінсіз  халықпен тікелей байланыс жасайтын канал ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар ол журналистермен тез байланыс жасауға да көмектеседі. Ғаламтардың көмегімен мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен халық арасында тікелей және кері байланыс орнатуға болады. Баспасөз қызметі ұйымның жеке сайтын ашып, ұйымда болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы хабарлап отыруына болады.

Мықты баспасөз қызметі саясаттың ең негізгі элементтерінің бірі екенін ұмытпаған жөн. Себебі, баспасөз қызметі саясаткердің ең жақын көмекшілері мен кеңесшілерінің бірі саналады.


Қаракөзайым КЕНЖИНА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға