Мемлекеттік тілдегі онлайн платформалардың саны өсті – Дархан Қыдырәлі
Астанада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форуымы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жыл сайын өтетін қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың форумына қатысуға медиа сарапшылар, журналистер, бас редакторлар, блогерлер мен влогерлер келді.
Алғаш болып сөзді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі алды.
Қазақ тілінде контент жасаушылардың саны мен сапасы да артып келеді. Министрлік бұл салаға ерекше мән береді. Біз мемлекеттік тілді дамыту бойынша нақты шаралардың жоспарын бекіттік. Қазіргі кезеңде қазақ тілді мемлекеттік БАҚ-тың орташа статистикасы 85 пайызға жетті. Әсіресе онлайн платформалар 87 пайызға өсті. Біз бұл көрсеткішті арттыруды көздеп отырмыз, - деді министр.
Жиында Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм шараға қатысушыларды қазақ тілді контентті бірге дамытуға шақырды.
Бүгін біз қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форуымына келіп жеттік. Қазақ медиасының жоғары белестерге жетуіне тілекші болу, шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Қазақ тілді контентті дамытуға бірге атсалысайық, - деді елші