Мемлекеттік қызметкерлердің құқығын бұзған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау және мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша биылғы 9 айда атқарылған жұмыс нәтижелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Агенттіктің 9 ай ішіндегі бақылау жұмыстарының нәтижесінде 15 мыңға жуық заңбұзушылықтар анықталып, оның қорытындысы бойынша лауазымды адамдар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
4221 мемлекеттік қызметкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді, – делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар белгіленген кезеңде жұмыс уақытына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 2,3 мыңнан астам мемлекеттік қызметкердің құқығы қорғалды. Оның ішінде 2 мыңнан астамы қосымша демалыс сағаттарын алса, қалғандарына ақшалай өтемақы төленді және икемді жұмыс уақыты режимі белгіленді.
