Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет жаңа деңгейге бағыт алды

Мемлекеттік қызмет жаңа деңгейге бағыт алды
Фото: primeminister.kz 23.05.2023 09:00 1547

Қазақ хандығы заманында мемлекеттік қызмет үғымы болмаса да хандық биліктің тұғырында басқарушы мен орындаушы, билеуші мен бағынушы үғымы халық санасына терең қалыптасты. Бұл модельде хан, уәзір, би, қазынашы және қазы, батырлар ел билеу ісіне араласты.

Демек, жоғары билік пен сот, қорғаныс саласы қалыптасты. Сан ғасырларға жалғасқан Орталық Азияға тән мемлекеттік биліктің моделі көптеген жыл бойы өз жемісін беріп, ұланғайыр ұлы даланы сақтап, өскелең ұрпаққа аманаттап тапсырды.

Бұл билік жүйесі жас буындарды билік қызметтеріне дайындау, соғыс өнеріне үйрету арқылы келешекте ел билеу ісіне араластыруға алдын-ала дайындау жұмыстарын да қалыптастырды.

Жас Абылайлардың топ ортада сыналып, аты шығып, ел билеуші топтардың көзіне түскен кездері соғыс алаңдарында қалыптасты.

Кейіннен Абылай хан көптеген жылдар ел билеп, қазақ даласында тыныштық пен бірлік, береке орнатқан саясаткер, дипломат ретінде тарихта қалды. Мұндай мысалдар жетерлік.

Қазақ мемлекеті Кеңес құрамына кірген соң Ресейдің, Германияның жоғары оқу орындарын бітірген нағыз саяси тұлғалар қалыптасты. Соның ішінде екі рет Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты болған Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаб­бас­ұлы, Мұхамеджан Тыныш­бай­ұлы, Ахмет Байтұрсынұлы сынды қайраткерлер қалыптасты. «Алаш» идеясын алға ұстап, «Алаш» мемлекетін құруды, тәуелсіздік алуды аңсаған ұлтшыл азаматтардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді.

Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибе­сін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өр­кениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақ­сат етті. 

Кейінгі буын Кеңес Үкіметінің идеяларымен тәрбиеленген Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Садуақасов сынды жастар билік органдарында қызмет етті. Тіпті Т.Рысқұлов Совнаркомның орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Жаңа қалыптасқан қазақ элитасы кеңестік жүйенің К.Маркстың идеясымен қалыптастырған мемлекеттік басқару жүйесінде еңбек еткені белгілі.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары Салауат Мүксімовтың «Атырау» облыстық газетіндегі мақаласында: «Біріншіден, егер біз «мемлекеттік көрсетілетін қызмет» санаты тек қазір туындады десек, онда бұрын мемлекет бұл қызметтерді көрсеткен жоқ деген қате ақпарат береміз. Ал шын мәнінде, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да қызметтер бұрынғы заманнан көрсетілді. Сонымен бірге, мемлекеттік биліктің ажырамас атрибуты ретінде анықталған және мемлекеттің пайда болуы мен мақсаты туралы марксистік идеялар негізінде тәрбиеленген мемлекеттік аппарат қызмет көрсетуші рөлінде бола алмады. Демек, белгілі бір дәрежеде мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы қатынастарды реттейтін барлық дерлік салалар қоғамдық-құқықтық бағытқа жатады. Алайда, оларда билік пен бағыну принципі басым болды. Өйткені, ол кезде басты бағдарды әкімшілік құқық алды.

Оның императивті нормалары аясында әртүрлі салалардағы әкімшілік рәсімдер жүзеге асырылды.  Осылайша, бүкіл кеңестік кезеңде әкімшілік рәсімдер не үшін және кім үшін жүзеге асырылады деген сауалдан өзгесін айналып өтті», делінген.

Кеңестік кезеңдегі ел басқарған жаңа буын өкілдері ретінде Жұмабай Шаяхметов, Дінмұхамед Қонаев, Жұмабек Ташенов сынды отанын, ұлтын сүйген тұлғаларды қалыптастарса соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев сынды болашақ мемлекет басшыларын да қалыптастарды.

Ел тәуелсздігін алған уақыттан бастап мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі қалыптасты. Жасыратыны жоқ Кеңестік кезеңде қазақ ұлтының өкілдерін орындаушылар мен орынбасарлар деңгейінде ғана тағайындалып келгені белгілі. Алайда кеңестік номенклатура тәрбиелеген мемлекетттік қызметкерлерді бастама көтермейтін тек ғана бас шұлғып орындайтын мақсатпен даярлады.

Әрине, Шерхан Мұртаза, Әбіш Келібаев, Марат Оспанов, Оралбай Әбдікәрімов сынды ұлтжанды мемлекет қайраткерлері азаттығын алғаш алған елдің ең ауыр кезеңдерінде еңбек етіп, ел мүддесін қорғай білді. Екінші буын 90 жылдардың орта щенінде қалыптасты.

Мемлекет басқарып отырған азаматтар «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелден мамандар даярлау процессін бастады. Нәтижесінде экономика мен саясаттың қыр сырын зерттеп, зерделеген, тәжірбиелі жастар билікке келді.

Оларға мемлекеттік биліктің барлық есіктерін аша отырып, қазақстандық мемлекеттік қызметке тың серпін келді. Әрине жақсылық пен жамандық қатар жүреді демекші, шалыс басып, жемқорлыққа ұрынып жатқандар да болды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Жазықбаевтың «Egemen Qazaqstan» республикалық газетіне берген сұхбатында: «Президент Жолдауында ұсынылған бірқатар саяси реформа қоғамның қажеттілігі мен сұранысына негізделген.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев:  «Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру. Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі» деп басты бағдарды анықтап берді. Бұл қоғамдық санаға серпін беріп, елдің ертеңгі күнге сенімін арттыруда.

Мемлекет басшысы атап өт­кен­дей, біз «мемлекет пен қоғам­ның өзара сеніміне және құр­метіне негізделген жаңа саяси мә­дениетті қалыптастырамыз».

Ал бұл мақсатқа жету үшін «әр­бір адам және бүкіл қоғам, құн­ды­лықтарымыз түбегейлі жаңаруға тиіс». Президент «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деп үнемі айтып келе­ді.

Осыған сәйкес, Жаңа Қазақ­стандағы мемлекеттік қыз­мет бюрократияға жол бермей­тін, сервистік сипатта ұйымдас­тырылуы керек. Бұл – халықтың талабына сай болу, елдің қаже­тінен шыға білу деген сөз.

«Бүгінде халық тарапынан мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуіне қатысты кейбір кө­ңіл­толмаушылықтардың бары жасырын емес.

Осы олқылық­тардың орнын толтыру – біз­дің алда атқарар қызметіміздің басты бағдары. Ол үшін ашық, әділ, адал, адамға бағдарланған мем­лекеттік аппарат қалып­тас­тыруымыз қажет. Мақсатымыз – ел игілігіне қызмет ету. Жаңа Қазақ­стандағы мемлекеттік қыз­мет­ті ұйымдастыру осы бағытта жүргізіледі» дейді.

Шын мәнінде ескі жүйеде қоғам билікке қызмет етсе, қазір ол принцип түбегейлі өзгеріп, «мемлекет қоғамға қызмет ету» жүйесін қалыптастарып келеді. Қарапайым еңбек адамы өзіне қажетті қызмет түрлерін еш кедергісіз, бюрократиялық жолмен емес, демократиялық жолмен алатын «бір терезеден қызмет ететін» жаңа жүйе қалыптасып келеді. Бұл бағытта ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі жүйелі, жоспарлы жұмыстарды атқарып жатқанын көзіміз көріп келеді.

Кадр қалыптастыру саясатына келсек, жаңа буын өкілдері арасынан мыңдаған жастар билік тармақтарында қызмет етіп, өз нәтижелерін көрсетіп келеді. Бұл мақсатта құрылған «Президенттің жас кадрлар резервіде» қалыптасты.  Әрине, әлі де күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелер баршылық. «Көш жүре түзеледі» дегендей, алдағы уақытта ол олқылықтардың орны толады деген сенімдеміз.

Осы мақаланың авторы өзім де 17 жыл уақытымды мемлекеттік қызметте өткізіп, меритократиялық жолмен ауылдық әкімдіктің маманынан министрліктің лауазымды қызметкеріне дейін өстік. Саяси жүйенің барлық мән-мағынасын түсіндік. «Естуші Үкімет», «Халыққа қызмет ететін мемлекет» сынды бағдарламалар арқылы мемлекеттік қызметтің жаңа моделі қалыптасып, қоғам мен мемлекет бірлесе отырып бюрократизм мен жемқорлыққа жол бермейтін, билікке қоғамды араластыру арқылы бірлесіп басқаруды көздейді.

Бұл мақсатта әрбір жергілікті әкімдер мен министрліктердің жанында «Қоғамдық кеңестер», «жергілікті мәслихаттар» тұрақты жұмыс жасап келеді.

Агенттік төрағасы Д.Жазықбаев: «Қабілетті адамдарды обьективті түрде анықтау мәселесі бүгінде өзіне баса назар аудартады. Шын мәніндегі лайықты адамдарды анықтаудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл адам ресурстарымен жұмыс жасау тәсілдерін жан-жақты қайта қарастыруды талап етеді» дейді.

Қоғамда көзге түсіп жүрген белсенді жастарды мемлекеттік қызметке тарту, олардың меритократиялық жолмен өсуіне барлық жағдайлар жасалуда. Өазіргі таңда мемлекеттік қызметке орналасу онлайн форматқа ауысады. «Астана» мемлекеттік қызмет хабының отырысында Агенттік төрағасы Д.Жазықбаев ««Е-қызмет» жүйесі 2022 жылы қолға алынды.

Қазіргі таңда портал толыққанды автоматтандырылып, бірнеше модуль іске қосылды. Наурыз айынан бастап жүйе 5 мемлекеттік органда пилоттық жоба ретінде жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, Сауда және интеграция министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Ақмола облысы, Шымкент қаласы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде толыққанды жұмысқа орналасу онлайн түрде жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеген болатын. Бұл жүйе өз нәтижесін берер болса барлық мемлекеттік органдарға енгізіледі.

Қабылет, қарымы жоғары азаматтар үшін сабылып Астана мен Ақмоланың арасында шапқыламай-ақ, онлайн форматта барлық кезеңдерден өтіп, мемлекеттік қызметке орналасуға мүмкіндік туады.

Сонымен қатар қазіргі таңда «жалдамалы қызметкер» жобасы да жүзеге асырыла бастады. Мемлекеттік орган өзіне тән саладағы жобаны жүзеге асыру үшін білікті маманды шақырып, келісім жасау арқылы жұмысқа тарта алады.

Жалпы алғанда мемлекеттік қызмет жаңа деңгейге бағыт алды.

«Біткен іске сыншы көп» дегендей, сыни пікірлер айтушыларда табылар. Дегенмен Агенттіктің басты мақсаты Президент тапсырмасын орындай отырып, халыққа қалтқысыз қызмет ететін, адал, білікті, білімді азаматтардың мемлекеттік қызметке келуіне жағдай жасау.

Заман өзгеріп, заңдар күндер қабылданып, әлемдік ақпараттар дамылсыз ағылып тұрған заманда ескі приницппен емес, жаңашылдық қарайтын жалынды жастарды тәрбиелеп, ертеңгі ел басқару істеріне машықтандыру баршамызға ортақ іс. Себебі болашақ біздің қолымызда. «Не ексең соны орасың» деген қазақ тәмсілі бар.

Құнарлы топырақта өскен ағаштың мәуелі бәйтерекке айналу үшін жылдар бойы күтіп, бағу керектігін баршамыз білеміз.

Ең бастысы ұлтын сүйетін, тарихын, мәдениетін білетін, еі бастысы Отанын, халқын, жерін сүйетін ұл қыздарды тәрбиелей алсақ, Қазақстанның кемел келешегі жарқын болмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға