Жаңалықтар

Мемлекеттік бақылау жүйесі автоматтандырылады

Бұл жұмыс кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеу аясында қолға алынды
Мемлекеттік бақылау жүйесі автоматтандырылады
Фото: Ұлттық экономика министрлігі 19.01.2023 23:10 878

Үкіметтің цифрлық кеңсесінде міндетті талаптар тізілімін енгізу және мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, іс-шараға ведомство басшысы Әлібек Қуантыров, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 

Кеңес барысында «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесінде іске асырылған кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін сапалы толтыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ қатысушылар бақылау субъектісін іріктеу кезінде мемлекеттік бақылауды автоматтандыру жүйесін қалыптастыру жөніндегі техникалық мәселелерді қарады.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді, оның ішінде тізілімді сапалы толтыру, бақылау үшін субъектілерді іріктеу және ТБЖ (тәуекелдерді басқару жүйесі) көрсеткіштерін жақсарту. Бұл бағыттағы жұмыстарды мүдделі мемлекеттік органдар бизнес-қоғамдастықпен тығыз қарым-қатынаста жалғастыратын болады.

2022 жылы бизнеске қойылатын барлық талаптарды тексеру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді, онда жаңа реттеуші саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңға жуық талаптар анықталды. Ал биыл заңнама кәсіпкерлік саласындағы жаңа тәсілдерге сәйкес келтіріледі деп жоспарланып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға