Жаңалықтар

Мемлекеттік бақылау нәтижесінде 200 млн теңге айыппұл салынды

Мемлекеттік бақылау нәтижесінде 200 млн теңге айыппұл салынды
Фото: © ОКҚ 06.11.2023 07:26 539

10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бақылаумен қамтылған 4060 іс-шара өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде, 3333 жағдайда бұзушылықтар анықталды, бұл 82% құрайды. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы» тақырыбындағы баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев осындай мәлімет келтірді.

Ол өткен жылмен (12 ай) салыстырғанда бақылау шараларының саны 88%-ға өскенін жеткізді.

«Оның ішінде жоспардан тыс тексерулер – 175, барумен профилактикалық бақылау – 6, басым бөлігі – барусыз профилактикалық бақылау. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жоюға 104 ұйғарым берілді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 274 хаттама шығара отырып, әкімшілік істер қозғалды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 200 млн теңгеден асып түсті», - деп атап көрсетті спикер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға