Жаңалықтар

Мемлекеттік бағдарламалардың Павлодар облысында орындалуы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің бақылауында

Мемлекеттік бағдарламалардың Павлодар облысында орындалуы  ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің бақылауында
20.09.2018 06:36 1510

Павлодарда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Оған облыстық ҚХА жұмыс жоспарының аясында И. Әбдіқалықовтың төрағалығымен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының белсенділері, ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын іске асыруды қадағалайтын аймақтық Қоғамдық кеңестің  мүшелері қатысты.  

Кеңес отырысында 2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәселесі талқыланды.

Облыстың құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Асқар Ажмұрат «Тұрғын үйді сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» атты алғашқы бастаманың жүзеге асу барысы туралы ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй несиелеу бағдарламасы аясында 195 пәтер сатып алуға болады. Биылғы жылдың соңына қарай «Нұрлы Жер» бағдарламасына сәйкес Павлодар және Екібастұз қалаларында 893 пәтер пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Бағдарламаға сәйкес Павлодар және Екібастұз қалаларында жеке тұрғын-үй құрылысының пилоттық жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

Үшінші бастама бойынша «Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студенттік жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту» тақырыбына облыстық білім беру басқармасының басшысы Сәуле Алекпарова сөз алды. Оған сәйкес, 2017-2018 оқу жылында жоо мен колледж студенттері үшін бірнеше жатақхана пайдалануға берілді.

«Микрокредитті кеңейту» төртінші бағыты бойынша облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары Айдос Сәкенов, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Марат Шугаев баяндады.

2018 жылы қалаларда шағын несиелеу үшін 426,9 млн. теңге, оның ішінде Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тапсырмасы аясында қосымша 263,7 млн. теңге бөлінді. Олар толық көлемде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына» аударылды. Қазіргі уақытта 5 шағын несие беріліп, 6 жоба мақұлданды.

Облыстың ауыл мен қалаларын шағын несиелеуге ағымдағы жылы 1,185 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие қарастырылды. Қазіргі уақытта 179 жоба қаржыландырылды, бұл 280 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша қосымша 600 млн. теңге бөлінді, ол тағы 62 жобаны қамтуға мүмкіндік береді, оның ішінде микро бизнесті ашуға, қолданыстағы істі кеңейтуге және ауылшаруашылығы қауымдастығын дамытуға арналған 12 стартап жоба.

Биылғы жылы «Бастау бизнес» жобасының аясында 1765 адамды (2017 жылы – 937 адам) оқыту, одан кейін 356 тыңдаушыны (20%) шағын несиелеуге бағыттау жоспарлануда.

Атқарушы органдардың негізгі бағыттарды іске асыру туралы ақпараттарын талқылау барысында Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен ұсынымдарды әзірлеу үшін ұсыныстар енгізілді.

Аймақтық қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс тобы екінші деңгейлі банктер, құрылыс және қаржы бөлімдерімен бірлесе отырып, екінші тұрғын үй бағдарламасы, жеке тұрғын үйге арналған бастапқы тұрғын үй бағдарламаларын енгізу мүмкіндіктері туралы ұсыныстар әзірлеу және облыстағы «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шұғыл шаралар қабылдауды ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға