Мемлекет басшысы UPL Limited компаниясының бас директорымен кездесті

21.06.2022 22:47
1743
Қасым-Жомарт Тоқаевқа UPL Limited компаниясының қазіргі жұмысы мен даму перспективалары жөнінде ақпарат берілді, – деп хабарлайы El.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Джай Шрофф Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығы саласында заманауи тәсілдерді қолдану, осы саладағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ егін егу және жер өңдеуде қолданылатын қазіргі технология жөнінде айтты.
Қазіргі таңда UPL Limited өнімдері әлемнің 150-ден астам елінде сатылады. Агробизнес – компанияның негізгі табыс көзі. Кәсіпорын дәстүрлі агрохимиялық өнімдер мен басқа да ауыл шаруашылығына қажетті тауарлар өндіріп, сатумен айналысады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ресейдің жолаушылар ұшағы өртенді