Жаңалықтар

Мемлекет басшысы перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма берді

Президент перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес екенін айтты
Мемлекет басшысы перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма берді
Фото: inform.kz 14.07.2022 11:41 1410

Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz

«Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау.

Өкінішке қарай, сәбилердің өлімі көбейді. Ана өлімі де өсуде. Мен перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма бердім. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдануы керек еді. Бірақ, барлық жұмыс аудит деңгейінде тоқтап қалды. 

Қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдап, осы мәселені шешу қажет. Жалпы, денсаулық сақтау саласы туралы айтар болсақ, мұнда түйткілді мәселелер көп.

Қазақстанда созылмалы ауру салдарынан қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары. Әсіресе, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда біздегі ахуал өте нашар», - деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға