Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Мәжіліс сайлауын тағайындады

Мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына тағайындалды
20.01.2016 14:32 3130

Мемлекет басшысы Мәжіліс сайлауын тағайындады

Ақорданың Twitter микро-блогындағы ресми парақшасында Мерзімнен бұрын Мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына тағайындалғандығы туралы хабарлама шықты.

13 қаңтар күні төменгі палата депутаттары ҚР Президентіне үндеу жолдап, мерзімнен бұрын Парламент сайлауын өткізуді сұрады. Негізгі себеп ретінде халық қалаулылары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруге сүйенді. Депутаттардың айтуынша, мұндай қадам 2016 жылдың соңына қарай болуы тиіс сайлауға алаңдамауға мүмкіндік береді.

18 қаңтар күні Елбасы Мәжіліс спикерімен және Премьер-Министрмен консультация өткізіп, аталмыш ұсыныстың Қазақстан қоғамы тарапына кең қолдау тапқанын атап өтті.

Одан соң Нұрсұлтан Назарбаев Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен тағы бір консультация өткізіп, бастаманың өзекті екеніне тоқталды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бастама Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын қатар сайлауға мүмкіндік беретініне назар аударды. 

Өз кезегінде Конституцилық кеңес  төрағасы Игорь Рогов Конституцияның 63-бабының 1 тармағына сәйкес, Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алатынын атап өтті. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға