Мемлекет басшысы Алматыдағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болды деп хабарлайды «EL.KZ» «Akorda» сайтына сілтеме жасап.
Алдымен Мемлекет басшысы ғұлама ойшыл Әл-Фарабидің мұражайында болып, өмірі мен қызметіне арналған экспонаттар сондай-ақ сирек кездесетін кітаптармен танысты.
Кейін Президент ЖОО-ның ғылыми жетістіктері мен инновациялық әзірлемелерінің көрмесін тамашалады. Кездесу барысында ғалымдар мен студенттер Қасым-Жомарт Тоқаевқа денсаулық сақтау, туризм, агрохимия, жасанды интеллект және т.б. салалар бойынша өздерінің тың ғылыми-инновациялық жобалары жайында жан-жақты баяндап берді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен, оқытушылармен және студентттермен әңгімелесті.
(Фото: Akorda.kz)
