Жаңалықтар

Мемлекет басшысы: Экономикалық өсімнің сенімді көзі – сапалы адами капитал

Мемлекет басшысы: Экономикалық өсімнің сенімді көзі – сапалы адами капитал
17.06.2022 21:44 1588

Экономикалық өсімнің сенімді көзі – сапалы адами капитал мен сындарлы мәдениетаралық диалог. Бұл туралы Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 – Экономикалық өсімнің сенімді көзі – бұл сапалы адами капитал мен сындарлы мәдениетаралық диалог. БҰҰ жариялаған Халықаралық мәдениеттердің жақындасу он жылдығы аясында біз еліміздің мәдени алуантүрлілігін сақтау және халықаралық деңгейде өркениетаралық диалогты ілгерілету саясатын жалғастырамыз. Осы жылдың қыркүйек айында елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезі өтеді. Біз бұл форумның жұмысына Ресейден діни жетекшілердің қатысуын құптаймыз, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жетекші шетелдік университеттердің қатысуымен жоғары білім беру жүйесін белсенді түрде қайта форматтау жүргізіліп жатқанын айтты.

– Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының дәстүрлерін нығайту тұрғысынан халықаралық академиялық байланыстарды тереңдету ерекше маңызға ие. Бірқатар бірлескен білім беру және мәдени бастамаларды сәтті жүзеге асыру елдеріміздің прогрессивті экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін, - деді ҚР Президенті.



 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға