Мемлекет тұрғын үй жалдауға көмектеседі
Фото: pexels.com
Фото: pexels.com
11.04.2023 16:16
763
Отбасы банкі тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялауға қатысты жаңа бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына келесі төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар қатыса алады:
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
- көп балалы отбасылар.
Жалдау ақысын субсидиялауға өтініш білдірген отбасының соңғы 6 айдағы орташа табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2023 жылы – 40 567 теңге) аспауы қажет.
Бағдарламаға қатысқысы келетін адамның Отбасы банкінде ашылған депозиті болуы керек. Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Колледж студенттері оқу орнында 100 мыңға дейін табыс табады
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде екінші орынға ие болды