Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰ ДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.
Сонымен қатар Президент:
– Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен;
– Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен;
– Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен;
– ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.
