Мемлекет басшысына Маңғыстау облысындағы инвестициялық жобалар таныстырылды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
18.04.2025 19:05
322
Өңірдегі ірі инвестициялық жобалар қатарында Ақтау қаласындағы қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы, мультимодальды логистикалық-авиациялық хаб, кеме құрастыру верфі, бекіре балығын өсіру және уылдырық өндіру шаруашылығы, «Бозжыра» визит орталығын салу, сондай-ақ аммиак-карбамид кешенін іске қосу секілді елеулі жобалар бар, депхабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр аймақ экономикасына 1,1 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғаны жөнінде мәлімет берілді.
Құны 36 млрд теңге болатын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 530 тұрақты жұмыс орны ашылған. 5,7 трлн теңгеге 55 әлеуетті инвестициялық жобаның пулы жасақталды.
Бөлісу:
